Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов

Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов 1946 жылы Орал облысы Бөрлі ауданы Бақтыарал ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітіргеннен кейін Орал облыстық филармониясында әнші, одан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік ән-би ансамблінің әншісі болып жұмыс істеді. Ол салған әндер Қазақ радиосының Алтын қорында сақтаулы.
Мақсат Зайлағиұлы әншілік өнерден бас тартып, дыбыс режиссурасы саласында қызмет етті. 1970 жылдардан бастап Қазақстандағы сол кездегі бірден-бір мекеме – «Алматы граммофондық жазу студиясында» жұмыс істеді. Қырық жылдай фольклорлық ән-жыр, күйлер мен қазақ эстрадасының үздік әндерін таспалады. Кеңес өкіметі қазақтың эпостық жырларына тыйым салса да тәуекелге барып, әйгілі «Қарасай-Қази» және «Ер Едіге» дастандарын жыршылардың өз аузынан таспаға түсірді. Бұл сол заман тұрғысынан үлкен ерлік болатын.
Дыбыс режиссері ретінде Мақсат Зайлағиұлы әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың күйлері мен бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың орындауындағы әндердің бүгінгі күнге жетуіне зор еңбек сіңірді. Атақты композиторлар Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың классикалық шығармаларын, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Қаршыға Ахмедияров, Қайрат Байбосынов сияқты қазақ өнері майталмандарының әндерін таспаға басты. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, Атырау халық аспаптар оркестрінің күйтабақтарын жазды. Замандастары осы еңбегі үшін Мақсат Мұхитденовты «Қазақ фонотекасының атасы» деп атады.
Қырғыз халқының атақты «Манас» жырын таспаға түсіргені үшін Мақсат Мұхитденов «Қырғыз Республикасының Еңбегі сіңген қайраткері» деген атаққа ие болды.
«Қазаққа жақын, қазақтың менталитетіне жақын ән шығару үшін ол адам қазақ болуы керек» деп өзі айтқандай, атаның емес, ұлтының ұлы болған Мақсат Мұхитденов 2023 жылы 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды.


Мухитденов Максат Зайлагиевич родился в 1946 году в селе Бактыарал Бурлинского района Уральской области. В 1967 году после окончания Алматинской студии эстрадно-циркового искусства работал солистом в Уральской областной филармонии, затем был певцом Государственного ансамбля песни и танца Казахской ССР. Песни в его исполнении хранятся в Золотом фонде Казахского радио.
В 1970-е годы Максат Зайлагиевич оставил певческое искусство и работал в единственной на тот момент «Алматинской студии граммофонной записи» в Казахстане. Около сорока лет он записывал на граммофоные пластинки фольклорные песни, кюи и лучшие песни казахской эстрады. Хотя Советская власть запрещала пропагандировать древний казахский фольклор, он рисковал и записывал известные эпосы «Карасай-Кази» и «Ер Едиге» из уст сказителей. Это был большой подвиг с точки зрения того времени.
Максат Зайлагиевич как профессиональный звукорежиссер внес огромный вклад в сохранение музыкального наследия страны. Благодаря ему вновь воссозданы записи кюев легендарной Дины Нурпеисовой и песни в исполнении Куляш Байсеитовой. Он записывал классические произведения Ахмета Жубанова и Газизы Жубановой, песни и кюи таких мастеров казахского искусства, как Гарифолла Курмангалиев, Жусупбек Елебеков, Каршыга Ахмедияров, Кайрат Байбосынов и др. М.Мухитденов записывал на граммофонные пластинки произведения в исполнении Государственного оркестра имени Курмангазы, фольклорно-этнографического ансамбля «Сазген сазы», Атырауского оркестра народных инструментов. За этот огромный труд его современники называли «Отцом казахской фонотеки».
За запись знаменитого жыра кыргызского народа «Манас» Максат Мухитденов был удостоен звания «Заслуженный деятель Кыргызской Республики».
«Для того, чтобы сочинить песню, близкую казаху и казахскому менталитету, этот человек должен быть казахом», – говорил он, посвятивший свою жизнь служению нации. Истинный сын своего народа – Максат Мухитденов скончался в 2023 году в возрасте 76 лет.


Maqsat Zailagiuly Mukhitdenov was born in 1946 in the village of Baktyaral in the Burlinsky district of the Ural region. Following his graduation from the Almaty Studio of Variety and Circus Art in 1967, he commenced his professional journey at the Ural Regional Philharmonic, subsequently becoming a vocalist for the State Song and Dance Ensemble of the Qazaq SSR. The songs he sang are stored in “Altyn Qor” of Qazaq Radio.
Maqsat Zailagiuly gave up singing and worked in the field of sound directing. Since the 1970s, he worked at the Almaty Gramophone Recording Studio, the only recording institution in Qazaqstan at that time. For forty years, he recorded folk songs, tunes [kuis] and the best songs of Qazaq pop. Even though the Soviet authorities banned Qazaq epic poems, they took a risk and recorded the famous epics “QarasaiQazi” and “Yer Edige” from the mouths of the poets [zhyrshys] themselves. From the point of view of that time, this was a bravery.
In his role as a sound director, Maqsat Zailagiuly made significant contributions to the preservation of cultural heritage, notably recording Dina Nurpeisova’s kuis and Kulyash Bayseitova’s songs. His recordings encompassed classical compositions by Akhmet Zhubanov and Gaziza Zhubanova, as well as performances by esteemed figures in Qazaq art such as Garifolla Kurmangaliyev, Zhusupbek Yelebekov,
Qarshiga Akhmediyarov and Kairat Baybosynov. Additionally, he captured the kuis of the State Orchestra named after Qurmangazy, the folklore and ethnographic ensemble «Sazgen sazy», and the Atyrau orchestra of folk instruments, thereby earning him the designation «Father of the Qazaq music library».
In recognition of his contributions, Maqsat Mukhitdenov was honored with the title of «Honored Worker of the Qyrghyz Republic» for his recording of the renowned Qyrghyz zhyr«Manas».
As he asserted, «In order to compose a song close to a Qazaq and to the Qazaq mentality, this person must be a Qazaq”, embodying a profound connection with the nation. Maqsat Mukhitdenov passed away in 2023 at the age of 76.